20 қазан 2024
/ Новости Казахстана
Қазақ күресінен мықтылар анықталды
Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде ҚР Президенті іс басқармасы қызметкерлерінің арасында қазақ күресінен өткен турнир мәресіне жетті. Жыл сайын Президент іс басқармасы жүйесіндегі барлық мекемелердің қатысуымен бірқатар спорт түрінен дәстүрлі жарыстар ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі сайысқа басқарманың түрлі бөлімшелерінен келген 80-ге жуық балуан боз кілемде бақ сынасты. Турнирдің ашылуында ҚР Президенті Іс басқармасы аппаратының басшысы Серік Кенжебаев жарыс Республика күніне орай өткізіліп жатқанын атап өтті.