28 тамыз 2024
/ Новости Казахстана
Салтанат Нүкенованың ағасы Қуандық Бишімбаевты сотқа берді
Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді экс-министр Қуандық Бишімбаевтан моральдық шығын талап етті. Бұл туралы сот кабинетіндегі құжатта белгілі болды. Іс 2024 жылдың 2 тамызында басталған. Істі судья Досжан Жұмабаев қарайды. Моральдық шығынға қатысты бірінші сот отырысы 3 қыркүйекте сағат 11.00-де өтеді.