Салтанат Нүкенованың ағасы Қуандық Бишімбаевты сотқа берді
Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді экс-министр Қуандық Бишімбаевтан моральдық шығын талап етті. Бұл туралы сот кабинетіндегі құжатта белгілі болды. Іс 2024 жылдың 2 тамызында басталған. Істі судья Досжан Жұмабаев қарайды. Моральдық шығынға қатысты бірінші сот отырысы 3 қыркүйекте сағат 11.00-де өтеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
3 мамырда Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот ісі аяқталған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевты жұбайын азаптағаны және өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.
Оның ағасы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
26 маусымда сот алқасы Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша шешім қабылдап, олардың үкімдерін өзгеріссіз қалдырды.
Ал 6 тамызда Қуандық Бишімбаев үкімді жеңілдету үшін күресін жалғастырып жатқаны белгілі болды. Бұл туралы ақпарат сот кабинетінде бар.
Іс 5 тамызда судьяға берілді.