Новости: мүгедектер

мүгедектер - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【мүгедектер】 жаңалықтар Arbat media
Қазақстанда мүгедектігі бар 700 мыңнан аса адам тұрады
30 қазан 2024 / Новости Казахстана

Қазақстанда мүгедектігі бар 700 мыңнан аса адам тұрады

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда мүгедектігі бар 732,1 мың адам тұрады. Ол халықтың жалпы санының 3,6%-ын құрайды, олардың 381,3 мыңы еңбекке қабілетті жастар.  ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, жұмысшылардың жалпы санының 2-ден 4 %-на дейін (жалдамалы жұмыскерлердің жалпы саны кемінде 50 адам болған кезде) көлемде жұмыс орындарына квота белгілейді. Ағымдағы жылдың тоғыз айына квота шеңберінде мүгедектігі бар 5,4 мың адам жұмысқа орналастырылды. 

Мүгедектерге арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді
11 қазан 2024 / Новости Казахстана

Мүгедектерге арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

18 қазан күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесі өтеді. Tanda Enbek платформасында түрлі бизнес бағыттар бойынша бос жұмыс орындары орналастырылады. Мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мен «IteachMe» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырды. Ізденушілер жәрмеңкеге Enbek.kz платформасында тіркелгеннен/аккаунтқа кіргеннен кейін қатыса алады, мұны жәрмеңке өткізілетін күні тікелей жасауға болады. 

Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы төленді
19 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы төленді

Жыл басынан бері мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 408,1 млрд теңге жұмсалған. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 53,4 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған. 

АЭС: Референдумда зағип жандар Брайль трафаретімен қамтылады
17 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

АЭС: Референдумда зағип жандар Брайль трафаретімен қамтылады

АЭС құрылысына қатысты референдумда елдегі барлық зағип жандар Брайль қарпімен жазылған трафаретпен қамтылады. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина алдағы саяси науқанда мүмкіндігі шектеулі жандарға дауыс беруде қолайлы жағдай жасау басым бағыт болып саналатынын жеткізді. Қазір арнайы жазу жүйесі арқылы көру қабілеті төмен 2359 сайлаушы бар. Бұл көзі көрмейтін мүгедектігі бар жандардың 8,3 пайызын құрайды

Мүгедек балалардан заңсыз 6,6 теңге жеке табыс салығы ұсталған
11 ақпан 2024 / Новости Казахстана

Мүгедек балалардан заңсыз 6,6 теңге жеке табыс салығы ұсталған

Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау бойынша қадағалау жұмыстары шеңберінде жеке табыс салығын және басқа да төлемдерді негізсіз ұстап қалу түрінде өрескел бұзушылықтар анықталды.