24 шілде 2024
/ Новости Казахстана
14 жасар өгей қызын зорлап, жүкті қылған
Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өгей қызын зорлаған Ц-ға үкім шықты. Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-2 бөлімі 3-тармағымен айып тағылған. Істің мән-жайын жария ету мүмкін болмағандықтан оқиға жабық сот отырысында қаралды. Ц. өз кінәсін мойындап, қатаң жазаламауды сұрады.