14 жасар өгей қызын зорлап, жүкті қылған
Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өгей қызын зорлаған Ц-ға үкім шықты. Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-2 бөлімі 3-тармағымен айып тағылған. Істің мән-жайын жария ету мүмкін болмағандықтан оқиға жабық сот отырысында қаралды. Ц. өз кінәсін мойындап, қатаң жазаламауды сұрады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ц-ның кінәсі өз мойындауымен, жәбірленушінің, куәлардың сөзімен, сараптама қорытындысымен және сотта зерттелген өзге де айғақтармен дәлелденді, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады және тек бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Аса ауыр қылмыстың мән-жайын ескере отырып Ц-ға 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Ц. педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.