Новости: өзгерістер

өзгерістер - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【өзгерістер】 жаңалықтар Arbat media
Қорғаныс министрінің кейбір бұйрығына өзгерістер енгізіледі
23 қараша 2024 / Новости Казахстана

Қорғаныс министрінің кейбір бұйрығына өзгерістер енгізіледі

Қорғаныс министрінің кейбір бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Тиісті құжат Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды. Қорғаныс министрінің әскери қызмет өткеру мәселелерін реттейтін бұйрықтарына құқықтық мониторинг жүргізу барысында іс жүзінде қолданылмайтын нормалар нақтыланған. Атап айтқанда, Қарулы күштерге ауысатын құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлерін қайта аттестаттау үшін әскери оқу орындарында базалық курстардан өту қажеттілігін көздейтін норма бар, 

Қазақстанда 1 қарашадан бастап не өзгереді
1 қараша 2024 / Новости Казахстана

Қазақстанда 1 қарашадан бастап не өзгереді

Қазақстанда қараша айында бірнеше ресми құжат күшіне еніп, тыйымдар мен талаптар маусымы басталады. 1 қарашадан бастап Астанадағы экспрес автобустарға айлық жол жүру билеті қолданысқа енеді. Қала ішінде қатынайтын автобустармен жүрудің айлық билеті 10 мың теңгеден, қалай іші мен қала маңына қатынайтын автобустарда жүрудің айлық билеті 13 500 теңге болмақ. Бұл билеттерді «City Transportation Systems» ЖШС-ның кассаларынан немесе банктердің ұялы қосымшалары арқылы онлайн сатып алуға болады.1 қарашадан бастап Алматының «Медеу» мұз айдынында қысқы сырғанақ маусымы басталады. Оған билетті кешеннің ресми сайтынан және Kaspi.kz, Halyk ұялы қосымшаларынан алуға болады.Мұз айдынына мына санатқа жататын адамдар тегін кіре алады. 

Тамыз айынан бастап елімізде не өзгереді
2 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Тамыз айынан бастап елімізде не өзгереді

Тамыз айынан бастап елімізде не өзгереді? Уақыт белдеуіне қатысты өзгеріс: шешім қабылданады. Зейнетақы жинағын алу ережелері өзгереді.Жеке тұлғалардың банкроттық тәртібі.Қоғамдық көлік жолақысы. Шетелдіктер Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алады. Астана вокзалындағы автотұрақтардың тарифтері. Сумен жабдықтаудың жаңа тарифтері. Колледждерге қабылдау квоталары, өзгертілді. 

«Серпін» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі
16 шілде 2024 / Новости Казахстана

«Серпін» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

Биыл «Серпін» бағдарламасына мемлекеттен 3 903 грант бөлініп отыр. «Серпін» бағдарламасымен оқуға түскен түлектер, грант берілген өңірде жұмыс істеуі тиіс еді. Біз бұл талапты өзгертіп, яғни жеңілдетпекпіз. Енді түлектер «Серпін» бағдарламасы іске қосылған кез келген өңірде жұмыс істей алады. Неге? Себебі еңбек нарығы өзгеруде. Бізде еңбек нарығы қажеттіліктерін анықтайтын механизмдер нақты емес, проблемалар бар», - деді Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. 

Иранның жаңа президентінен өзгерістер күте ме?
11 шілде 2024 / Мир

Иранның жаңа президентінен өзгерістер күте ме?

Ирандағы кезектен тыс президенттік сайлаудың екінші кезеңінде 69 жастағы Масуд Пезешкиан жеңіске жетті. Қалыпты реформатор санкцияларды алып тастау арқылы, соның ішінде ядролық келісімді қайта жандандыру арқылы елдің нашарлаған экономикасын қалпына келтіруге және Батыспен қарым-қатынасты жақсартуға уәде береді. Сонымен қатар, саясаткер хиджабқа қатысты қатаң саясатқа қарсы. 

Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасына өзгерістер енгізілді
13 маусым 2024 / Новости Казахстана

Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасына өзгерістер енгізілді

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы екінші оқылымда қабылданды. 

Мобильді аударымдар: Қаржы министрі жаңа өзгеріс болатынын айтты
20 наурыз 2024 / Новости Казахстана

Мобильді аударымдар: Қаржы министрі жаңа өзгеріс болатынын айтты

Қаржы министрі Мәди Тәкиев мобильді аударымдарға қатысты жаңа өзгеріс талқыланып жатқанын мәлімдеді. Мәди Тәкиев мобильді аударымдарға шектеу енгізу, белгіленген сомадан асқан жағдайда салық салу мәселесі талқыға түскеннен бастап, кәсіпкер ретінде тіркелгендер саны көбейгенін айтты.