Қазақстан жаңалықтары16 шілде 2024, 16:51

«Серпін» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

Биыл «Серпін» бағдарламасына мемлекеттен 3 903 грант бөлініп отыр. «Серпін» бағдарламасымен оқуға түскен түлектер, грант берілген өңірде жұмыс істеуі тиіс еді. Біз бұл талапты өзгертіп, яғни жеңілдетпекпіз. Енді түлектер «Серпін» бағдарламасы іске қосылған кез келген өңірде жұмыс істей алады. Неге? Себебі еңбек нарығы өзгеруде. Бізде еңбек нарығы қажеттіліктерін анықтайтын механизмдер нақты емес, проблемалар бар», - деді Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, - деп хабарлайды Arbat.media.

Министр сондай-ақ кадр даярлауда сапаға мән беретін уақыт келгенін айтты, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Сапа артқанда нарықта кадрлардың құны еселене түседі. Қазір біздің барлық назарымыз сапаға аударылуда», - дейді ол.

Сонымен қатар ведомство басшысы егер түлек «Серпін» бағдарламасының міндеттемелерін орындамаса, онда ақшаны кері қайтаруға міндетті екенін еске салды.

Айта кетейік, биылдан бастап «Серпін» арқылы тек қана 5 облыстағы ауыл балалары грантқа түсе алады.

«Серпін» жобасының басты мақсаты – еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастарын кадр тапшылығын көріп отырған аймақтарда оқытып, білікті мамандар даярлау.

Серпін бағдарлама өзгерістер

Тақырыпқа жаңалықтар