29 қазан 2024
/ Новости Казахстана
Елімізде Қытайдың тағы үш көлік маркасы құрастырылуы мүмкін
Елімізде тағы үш қытайлық автокөлік маркасы өндірілуі мүмкін. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында қазір бұл мәселе жіті пысықталып жатқанын айтты. «Біз отандық автомобильдердің CKD әдісінің өндірісіне назар аударамыз. Бұл дегеніміз – елде шығарылған автомобильдерде отандық компоненттердің үлесін арттыру. Осы бағытта, шетелдік және отандық инвесторлар ел аумағында жаңа зауыттар салу жұмыстары жүргізілуде», - деді ол.