Су басқан өңірлерде тұрғын үй алудың механизмі әзірленді
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су басқан өңірлерде тұрғын үй алудың механизмі әзірленіп, баспанасынан айырылған саяжай тұрғындарына да қолдау көрсетілетінін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Су тасқыны апатынан зардап шеккен азаматтардың тұрғын үй мәселесін жедел шешудің механизмдері әзірленді. Нақтырақ айтсақ, әкімдіктермен бірлесіп дайын пәтерлер сатып алу, зардап шеккен азаматтардың бекітілген жобаға сәйкес өз қалауымен баспана таңдауы және әкімдіктермен жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе олардың шығындарын өтеу. Әкімдіктермен жаңа құрылысқа жер учаскелерін таңдау жұмыстары жүргізілуде. Ақтөбе облысында құрылыс жұмыстары басталды, ал Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарында дайын жаңа баспана кілттері табысталуда. Бұл жұмыстар басқада өңірлерде де жалғасады», - деді Қанат Шарлапаев.