Новости: Қазақстан құрамасы

Қазақстан құрамасы - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Қазақстан құрамасы】 жаңалықтар Arbat media
arbat media
24 қараша 2024 / Sport

Парадзюдодан Grand Prix: Қазақстан құрамасы алғашқы күні 6 медаль жеңіп алды

Астанада өтіп жатқан парадзюдодан Grand Prix жарысының алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 6 медаль жеңіп алды.Ерлер арасында J2 санаты 81 келі салмақ финалында, Қазақстандық дзюдошы Ғалымжан Смағұлұлы Британдық Еван Молойға есе жіберіп, күміс еншіледі. 

arbat media
10 қараша 2024 / Sport

Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды. Алғаш рет өткен құрлықтық дода Алматы қаласында ұйымдастырылды. Қазақстандық хоккейшілер Жапониямен ойын барысында жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде құрама капитаны Евгений Рымарев 7, 27, Евгений Наместников 29, Владимир Гребенщиков 44, Евгений Королинский 59-минутта гол салды. 

arbat media
6 қазан 2024 / Новости Казахстана

Қазақстан құрамасы футзалдан УЕФА рейтингінде жоғарылады

Футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде екінші орынға көтерілді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді. Португалия құрамасы УЕФА рейтингінде көш бастап тұр. Үздік үштікті Испания құрамысы түйіндеді. 

arbat media
23 қыркүйек 2024 / Sport

Тарихи жүлде: Қазақстан құрамасы шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан 45-ші Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Біздің команда соңғы турда АҚШ-пен 2-2 есебімен тең түсіп, 18 ұпай жинады. Ал Олимпиаданың фавориті Үндістан әйелдер мен ерлер арасындағы жарыста алтыннан алқа тақты. 

arbat media
5 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасының негізгі қарсыласы кімдер

Қазақстан құрамасы БАҚ өкілдеріне арналған V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдындағы ашық оқу-жаттығу жиынын өткізді. Спортшылар физикалық және тактикалық дайындығын көрсетіп, алдағы жарыстан не күтетінін айтып берді. Жаттығу «Арғымақ» ат спорты кешенінде өтті. Бірінші болып құсбегіліктен ел намысын қорғайтын ұлттық құраманың мүшелері шеберлігін паш етті. Айта кетейік, құсбегілер бүркіт, сұңқар және қаршығаны ырқына көндіріп, жүлдеге таласатын болады. Ережеге сәйкес, әр командада 9 спортшы бар. Әр құсқа үш спортшыдан келеді. Бүркіт бойынша Қазақстан намысын Абай ауданынан Ерзат Байқадамов, астаналық Серікбек Күнтуған және атыраулық Арман Қошқаров қорғайды. 

arbat media
28 тамыз 2024 / Sport

Паралимпиада-2024: Қазақстан құрамасының басты үміткерлері кімдер

Қазақстандық паралимпиадашылар 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Париж шаһарында өтетін Жазғы Паралимпиада ойындарында бақ сынайды. Бұған дейінгі додаларда қоржынымыз бос қайтқан жоқ. Биылғы бәсекеден не күтеміз.