2 шілде 2024
/ Новости Казахстана
Тасқын: СҚО Қызылжар ауданында қырылған малға 2,4 млн өтемақы төленді
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында тасқыннан зардап шеккендерге бүгінге дейін 60-қа жуық баспана сатып алынды. Жалпы мұнда 1 546 үй су астында қалып, зақымданған еді. AMANAT партиясы СҚО филиалының мәліметінше, Қызылжар ауданында су тасқынынан зардап шеккен ауылдықтарға тұрғын үй беру және баспаналарын қалпына келтіру жұмыстары жалғасқан. Тұрғындардың кейбірі материалдық көмек алып, өздері үйлерін жөндеп жатыр.