Новости: Қызылорда облысы

Қызылорда облысы - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Қызылорда облысы】 жаңалықтар Arbat media
arbat media
15 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Сегіз адамды бопсалаған блогердің бас бостандығы шектелді

Қызылорда облысында әлеуметтік желі арқылы сегіз адамды бопсалаған күдікті сотталды. Жаңақорған аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен қылмыстық іс қаралды. Сотталушы 2022 жылдан бастап әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы 8 жәбірленушіut абыройына нұқсан келетін мәліметтерді таратамын деп қорқытқан. Салдарынан бірнеше рет бөтеннің мүлкін қорқытып талап етіп, қорқытып алушылық жолымен 1 950 000 теңгені жеке бас пайдасына жаратқан. 

arbat media
12 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Қызылорда облысында сегіз адам мінген автокөлік аударылып, бір адам көз жұмды

Қызылорда облысында сегіз адам мінген адам автокөлік аударылып, бір адам қаза тапты. Оқиға Арал ауданы аумағындағы «Самара-Шымкент» тас жолының бойында болды. Автокөлік Қазалыдан Арал қаласына қарай бағыт алған. 

arbat media
19 сәуір 2024 / Новости Казахстана

«Алматы Су» бас директорының орынбасары мен Қызылорда облысында басқарма басшысы ұсталды

Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті ауыр қылмыс жасады деген күдікпен «Алматы Су» ШЖҚ МКК бас директорының орынбасарын ұстады. Ол жергілікті кәсіпкерден орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша ақшалай қаражат төлегені үшін 345 млн теңге көлеміндегі бұрын келісілген сомадан 75 млн теңге алған.

arbat media
30 наурыз 2024 / Новости Казахстана

Ауыл әкімдігі бір литр бензинді 18 мың теңгеге сатып алмақ болған

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сатып алулардың бірыңғай терезесіне тұрақты негізде мониторинг жасау арқылы 131 млн теңгеден астам бюджет қаржатының негізсіз жұмсалу фактісін анықтады. Қызылорда облысында ауыл әкімдігі бір литр бензинді 18 мың теңгеге сатып алмақ болған.