Қазақстан жаңалықтары22 мамыр 2024, 10:00

Есірткі сатпақ болған бұрынғы мұғалім ұсталды

Қызылорда облысында аса ірі көлемде синтетика сатпақ болған адам қолға түсті. Ол қалаға қарасты елді мекендердің бірінде мұғалім қызметін атқарған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы күдіктіні бақылауда ұстаған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 34 жастағы тұрғын қолға түсті. Сараптама қорытындысы көрсеткендей, тінту кезінде тәркіленген ұнтақ салмағы 261 грамм α-PVP психотроптық заты екені анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды, тергеу жалғасуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Қызылорда облысы бұрынғы мұғалім Есірткі

Тақырыпқа жаңалықтар