17 қыркүйек 2024
/ Мир
РФ: Қорғаныс министрлігі шенеуніктеріне қатысты тағы бір жемқорлық іс қозғалды
Ресейдің Тергеу комитеті Қорғаныс министрлігінің шенеуніктеріне қатысты тағы бір сыбайлас жемқорлық ісін қозғады. Қорғаныс министрлігінің 4924-ші әскери өкілдігінің басшысы Иван Популовский мен оның қарамағындағы Григорий Зоринге қатысты аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Ресейдің Тергеу комитеті. Тергеу мәліметтері бойынша, Қорғаныс министрлігінің қажеттіліктері үшін электр өнімдері мен кабельдерді жеткізу бойынша мемлекеттік тапсырыстарды орындайтын екі ұйым өнімге бақылауды әлсірету және басқа да жеңілдіктер алу үшін лауазымды тұлғалармен сөз байласуға келген. Келісімшарттардың жалпы сомасы 1,2 миллиард рубльді құрады.