9 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
Көшпенділер ойыны: Қазақстанның үш садақшысы финалға шықты
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Дәстүрлі садақ ату бойынша Пута нысанасын көздеуде финалға шыққан спортшылар есімі хабарланды. Олардың ішінде үш қазақстандық садақшы бар. Пута нысанасын көздеуге Аустралия, Германия, Әзербайжан, Мажарстан, Индонезия, Иран, Испания, Италия, Йемен, Малайзия, Оңтүстік Корея, Қытай сынды 33 мемлекеттен 180 спортшы бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында қазақстандық Жәнібек Құлмырзаев, Қанат Қасымхан, қырғызстандық Исхак Токонов, мажарстандық Ласло Кочка финалға шықты.