19 наурыз 2024
/ Новости Казахстана
Мейрамда тамақтан уланбаудың амалдары
Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жетекші маманы Гүлнұр Умарова Наурыз мейрамын тойлау барысында есте ұстау қажет бірқатар ақыл-кеңесін бөлісті. Наурыз мейрамында әдетте әр шаңырақта көл-көсір дастархан жайылып, түрлі тағамдар қойылады. Тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімі жетекші маманының айтуынша, осы кезеңде тамақтан улану қаупі жоғары.