ТЖМ ауа райының қолайсыздығына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
Төтенше жағдайлар министрлігі қатты жел, жаңбыр, қар немесе ауа температурасының күрт төмендеуі кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Министрлік азаматтарға мүмкіндігінше үйде болуды, аса қажет болмаса сыртқа шықпауды ұсынды.
Қатты жел кезінде ағаш, билборд, электр желілерінің маңында тұрмау қажет.
Көлік жүргізушілеріне жылдамдықты төмендетіп, арақашықтықты сақтауға және жолда барынша мұқият болуға кеңес берілді.
Сондай-ақ қатты жел кезінде далада от жақпау ескертілді. Кішкентай жалынның өзі тез таралып, өртке ұласуы мүмкін.
Төтенше жағдай болған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: