17 наурыз 2024
/ Sport
Серік Жараспаев: Қазақстан қоржынында 26 жолдама ғана бар, бұл тым аз
Биыл Франция төрінде алауы тұтанатын XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қазіргі таңда Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрі бойынша 26 лицензия алып үлгерді. Бүгінгі күнге дейін ел қоржынында спорттың 9 түрінен 24 спортшы 26 жолдамаға қол жеткізген. Садақ атудан – 4, тас жолдағы велоспорттан – 3, нысана көздеуден – 5, қазіргі бессайыстан – 2, бокстан – 7, грек-рим күресінен – 1, еркін күрестен – 1, спорттық гимнастикадан – 1, таеквандодан 2 жолдама бар.