27 маусым 2024
/ Новости Казахстана
Шетелде жұмыс: Елімізде арнайы орталықтар ашылады
Шетелде жұмыс істеуге ниет білдірген Қазақстан азаматтары елде тағылымдамадан өтеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. Үкімет басшысы қазіргі уақытта көптеген біздің азаматтардың шетелде жұмыс істеп жатқандығын және жұмыс бабымен барғысы келетіндердің көп екенін атап өтті. Бұл олардың еңбек қатынастарын заңдастырып, құқықтарын қорғауды талап етеді.