31 мамыр 2024
/ Новости Казахстана
Соғыстан кейінгі қуғын-сүргін қанша қазақстандықты шарпыды
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшесі, «Қаһармандар» қоғамдық қорының президенті Сабыр Қасымов Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жаудың тұтқынына түскен қазақстандықтардың нақты саны әлі күнге дейін белгісіз екенін айтады. Қолда бар деректерді нақтылап толықтыру үшін біздің ғалымдар Ресейдің Подолськ қаласындағы әскери архивіне кіріп, жұмыс істеуі керек. Оның айтуынша, қазақстандық әскери тұтқындардың қылмыстық ісін қараған 600 трибунал материалы Ташкентте сақтаулы. Оны да құпиясыздандыру мәселесі басы ашық күйінде қалып отыр.