27 шілде 2024
/ Новости Казахстана
Сомнолог: Уақыт белдеуі өзгерісіне қалай жеңіл бейімделуге болады
Ресей ғылым академиясы А.Н. Северцов атындағы экология және эволюция мәселелері институтының аға ғылыми қызметкері, сомнолог Владимир Ковальзон қазақстандықтардың жаңа уақыт белдеуіне қалай бейімделу керектігін және олардың шағымының басты себебін айтып берді. Сарапшының айтуынша, қазақстандықтардың денсаулығына қатысты барлық проблема уақыт белдеуінің өзгеруінен емес, жұмыс режимін реттеуден туындайды. Ол аталған факторлар бір-бірімен байланысты болса да, екі түрлі дүние деп түсіндірді. Жұмысшылар басшылығымен жаңа уақыт белдеуіне көшуге байланысты жұмыс кестесі туралы өзара келісуі керек. Уақытты геофизикалық факторлар бойынша есептеген жөн.