14 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
Биыл Алматыда 37 мың контрафакт тауар тәркіленген
Танымал брендтердің сапасыз көшірмесі! Алматыда базар мен сауда орталықтарынан тәркіленген контрафакт тауарлар жойылды. Оның арасында теледидар, салқындатқыш, косметика мен қорап-қорап ойыншық бар. Оны түпнұсқасынан ажырату оңай емес. Дегенмен бағасы арзан көшірме тауарлардың сапасы сын көтермейді әрі тұтынушыға төнетін қауіп көп дейді мамандар.