15 наурыз 2024
/ Новости Казахстана
Ақтөбеде зейнеткерлер де қоғамдық көлікте тегін жүреді
Ақтөбе қаласында зейнеткерлер де енді қоғамдық көлікте тегін жүреді. Қазіргі кезде құжатты бекіту үшін ұсыныс берілді. Ақтөбе облысы бойынша соғыс ардагерлері, І топ мүгедектері автобуста тегін жүру құқығына ие еді. Енді өзге де санаттағы мүгедектер мен зейнеткерлер де ақысыз қатынай алады.