Ақтөбеде зейнеткерлер де қоғамдық көлікте тегін жүреді
Ақтөбе қаласында зейнеткерлер де енді қоғамдық көлікте тегін жүреді. Қазіргі кезде құжатты бекіту үшін ұсыныс берілді. Ақтөбе облысы бойынша соғыс ардагерлері, І топ мүгедектері автобуста тегін жүру құқығына ие еді. Енді өзге де санаттағы мүгедектер мен зейнеткерлер де ақысыз қатынай алады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров облыстық мәслихат сессиясында хабарлады.
Өңірде барлық жоба тікелей халыққа жететіндей болуы керек. Қаржы бөлінеді. Халық оны сезе ме, сезбей ме? Мәселен, конференция, тағы өзгесін өткіземіз, қыруар қаржы бөлеміз. Ал оның тиімді тұсы халыққа жетті ме? Халық ауланы, көшені дұрыстап, шамның жанып тұрғанын қалайды. Ол үшін барып, көріп, білуіміз керек. Депутат та , әріптестеріміз де. Қазір оғамдық көлік тасымалы жақсы дамып келеді. Жақында 30 автобус әкелінді. Тағы 4 мекеме 65 автобус сатып алуға сұраныс берді. Сөйтіп тасымалдау саласында 90-95% заманауи жағдай жасайтын мүмкіндігіміз бар. Бұған дейін белгілі бір санаттағы адамдар ғана тегін жүруге мүмкіндік алды. Енді мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлердің қоғамдық көлікте тегін жүруіне жағдай жасалады. Мұны бюджет көтереді. Жақында қала әкімдігі тиянақтап, тиісті құжаттарын реттейді,- деді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров.