9 қазан 2024
/ Новости Казахстана
Биыл елімізде қайтыс болған бес адамның ағзасы 19 адамның өмірін ұзартты
Қазақстанда биыл қайтыс болған бес адамның органдары 19 адамның өмірін ұзартты. Әлі 4100 науқас трансплантацияға мұқтаж. Дгенмен елімізде донор мәселесі өте күрделі. Мамандар ағза ауыстыру операциясын дұрыс түсінсе деген пікірде. Тіпті бүгін донорларға құрмет ретінде «Асыл қадам» аллеясын ашып, ағаш та отырғызды.