Биыл елімізде қайтыс болған бес адамның ағзасы 19 адамның өмірін ұзартты
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары9 қазан 2024, 11:00

Биыл елімізде қайтыс болған бес адамның ағзасы 19 адамның өмірін ұзартты

Қазақстанда биыл қайтыс болған бес адамның органдары 19 адамның өмірін ұзартты. Әлі 4100 науқас трансплантацияға мұқтаж. Дгенмен елімізде донор мәселесі өте күрделі. Мамандар ағза ауыстыру операциясын дұрыс түсінсе деген пікірде. Тіпті бүгін донорларға құрмет ретінде «Асыл қадам» аллеясын ашып, ағаш та отырғызды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.

Назгүл Жылгелдина, Транспланттауды үйлестіру орталығы директорының орынбасары:

— Тал мәңгі ғой, жапырағы гүлдеп, тамырын жайып дегендей. Ағза трансплантациясы дамысын, халық түсінсін. Өлген адамда емес, миының өлгені анықталғанда. Мәйітханада жатқан мүрде донор бола алмайды. Ауруының ақауына байланысты, ми өлімі анықталған адам, 18-ден асқан кісі ғана донор бола алады.

Бірақ елімізде донор болу мәселесінде кедергі көп. Миы жұмысын тоқтатқан адамның туысқандары оның ағзасын басқа біреуге беруге үзілді-кесілді қарсы.

Көп жағдайда діни ұстанымы аяққа тұсау болады. Мәселен, биыл ми өлімі тіркелген 37 жағдайда 35 марқұмның ағзасын алып, басқа науқасқа салуға оның туыстары келіспеген.

Тірі жүріп ағзасын саудалайтындар да бар екен. Пайда таппақшы болған 15 адам қылмыстық жауапқа тартылыпты.

Елде донор тапшылығынан сырқатқа сау туыстары жүрегін бермесе де, бір бүйрегін беріп жатқандар да біршама.

Ермек Жұмабеков, донор:

— 2016 жылы қаңтарда балама донор болдым. Бір бүйрегімді бердім. Балам бес жылдай ауырды, донор іздедік, болмады. Өзім донор болдым.

 

Қазақстан транспантология донор Ота

Тақырыпқа жаңалықтар