Новости: UEFA Ұлттар лигасы

UEFA Ұлттар лигасы - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【UEFA Ұлттар лигасы】 жаңалықтар Arbat media
Қазақстан құрамасы Австриядан ойсырай жеңілді
11 қазан 2024 / Sport

Қазақстан құрамасы Австриядан ойсырай жеңілді

Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В дивизионында үшінші ойынын сырт алаңда Аустрияға қарсы өткізді. Алғашқы минуттан австриялық футболшылар тізгінді қолға алуға тырысты. Олай болатын жөні бар. Бұған дейінгі екі турда олар небәрі бір ұпай жинады. Қазақстан құрамасының еншісінде де дәл осындай ұпай жазылған. Австриялық футболшылар қарқынына тойтарыс берген қазақстандық құрама негізінен қорғанысқа көңіл бөлді. Ойынның 10-минутында қорғаушы Нұралы Әліптің өрескел қателігін шебер пайдаланған австриялық Кристоф Баумгартнер өз құрамасын алға шығарды. Бұдан кейін де олардың тарапынан бірнеше шабуыл өрбіді. Екінші кезеңде австриялық құрамадан Филипп Линхарт 54, Марсель Забитцер 56, Маттиас Зайдль 77-минутта мергендік танытты. Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 0:4 есебімен жеңіліп қалды.