Қазақстан құрамасы Австриядан ойсырай жеңілді
Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В дивизионында үшінші ойынын сырт алаңда Аустрияға қарсы өткізді. Алғашқы минуттан австриялық футболшылар тізгінді қолға алуға тырысты. Олай болатын жөні бар. Бұған дейінгі екі турда олар небәрі бір ұпай жинады. Қазақстан құрамасының еншісінде де дәл осындай ұпай жазылған. Австриялық футболшылар қарқынына тойтарыс берген қазақстандық құрама негізінен қорғанысқа көңіл бөлді. Ойынның 10-минутында қорғаушы Нұралы Әліптің өрескел қателігін шебер пайдаланған австриялық Кристоф Баумгартнер өз құрамасын алға шығарды. Бұдан кейін де олардың тарапынан бірнеше шабуыл өрбіді. Екінші кезеңде австриялық құрамадан Филипп Линхарт 54, Марсель Забитцер 56, Маттиас Зайдль 77-минутта мергендік танытты. Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 0:4 есебімен жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Екі құрама бұған дейін төрт мәрте кездесті. Қазақстандық футболшылар екі мәрте қарсыласына есе жіберсе, екеуінде құрамалар тең нәтижеге қанағат білдірді, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Енді ел құрамасы 13 қазанда Алматыда Словения құрамасын қабылдайды.
Ал одан кейін 14 қарашада өз алаңында Австриямен тағы бір мәрте шеберлік байқасса, 17 қарашада сырт алаңда Норвегиямен аталған турнирді аяқтайды.
Сондай-ақ бүгін аталған топта Норвегия құрамасы Словенияны 3:0 есебімен жеңді.