үздіктер

үздіктер - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【үздіктер】 жаңалықтар Arbat media
13 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Көшпенділер ойындарында жамбы атудан үздіктер анықталды

V дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жамбы атудан ел намысын қорғайтын үздіктер анықталды. Қатарында Азия мен әлем чемпионаты жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Ұлттық құрама сапындағы үздік төрттікті Олимпиадалық даярлау орталығы жасақтады. Еліміздің үздік 10 жамбы атушысы іріктеуде байрақты додаға тікелей жолдама беретін үш орынды сарапқа салды. Әр өңірден келген мергендер «Мажар», «Азия», «Түркі», «Жамбы» стилі бойынша бақ сынаған. Жалпы есептің қорытындысы бойынша түркістандық Айтбек Сарыбай мен Ералхан Айкөз және алматылық Абзал Тұлыбеков іріктеуден іркілмей өтіп жолдамаға қол жеткізді. 

12 наурыз 2024 / Мир

Оскар 2024: «Мариупольдегі 20 күн» - үздік деректі фильм; "Оппенгеймердің" жеті марапаты бар

Оскар 2024: «Мариупольдегі 20 күн» - үздік деректі фильм; Оппенгеймердің жеті марапаты бар. 96-шы «Оскар» сыйлығының иегері режиссер Кристофер Ноланның ядролық бомбаны жасаушы Джулиус Роберт Оппенгеймер туралы фильмі атанды.Фильм жеті номинацияда жеңіске жетті. Ішінде: «Үздік фильм», «Үздік ер адам рөлі» (Киллиан Мерфи), «Екінші пландағы үздік ер адам» (Кіші Роберт Дауни), сондай-ақ монтаждау, операторлық жұмыс және саундтрек бойынша техникалық номинациялар. Сонымен қатар Нолан «Үздік режиссер» статуэткасын жеңіп алды.