V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары】 жаңалықтар Arbat media
12 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Азамат Мақұлбеков алыптар сайысында топ жарды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алыптар сайысы (Powerful nomad )бойынша Азамат Мақұлбеков жеңімпаз атанды. Бірінші кезеңінде Азамат Мақұлбек 100 келілік тасты 1 минутта 180метр аралыққа көтерді. Екінші кезеңде отандасымыз 130 келі бөренені, 38 рет көтеріп өз рекордын жаңартты. Сондай-ақ, Қазақстандық алып ауыр найзаны нысанаға лақтыру сайысындада көш бастап, үш кезең қортындысы бойынша финалға жолдама алды. 

9 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Көшпенділер өркениеті дүниежүзі тарихында өшпес із қалдырды – Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ресми түрде ашты. «Бесінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қош келдіңіздер! Бауырлас мемлекеттердің басшыларына зор ризашылығымды білдіремін. Мәртебелі меймандарға және спортшыларға шынайы алғыс айтамын. Көшпенділер өркениеті дүниежүзі тарихында өшпес із қалдырды. Ұлы Дала көшпенділері ежелден байтақ Еуразияны мекен еткен, олар жаһандық даму үдерісіне түбегейлі өзгеріс әкелді. Сол замандағы озық технологияның иесі болды. Көшпенділер бес мың жыл бұрын жылқыны қолға үйретті. Дүниені дүбірлеткен салт аттылар мәдениетін қалыптастырды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ресми аша отырып. 

8 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Қазақстандық шеберлер құрақ көрпе тігуден әлемдік рекорд орнатты

Еліміздің әр өңірінен жиналған шебер әжелер құраған көрпе әлемдік рекорд ретінде тіркелді. Бүгін сағат 13.00-де ерекше іс-шара өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 450-ден астам шебер құрақ көрпе тікті. Осылайша, дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық Гиннес рекордтар кітабына тіркелетін әлемдік рекорд орнатылды. 

7 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Көшпенділер ойындары: Америкалық кәсіби ковбойлар көкпар мен аударыспаққа қатысады

Астана V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушылардың алғашқы легін қарсы алды. Бүгін таңертен Астанадағы халықаралық әуежайға америкалық кәсіби ковбойлар ұшып келді. АҚШ құрамасы дүбірлі додада қазақтың ұлттық ойындары — көкпар мен аударыспақтан сайысқа түседі. Бұл команда осыдан жеті жыл бұрын жасақталып, оның сапына Американың әр штатынан іріктелген сегіз спортшы кірген. 

22 наурыз 2024 / Новости Казахстана

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы билеті сатылды

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының алғашқы билеті сатылды. Оны Дүниежүзілік Этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған сатып алды. Біләл Ердоған көшпенділер ойынынында қазақ күресінен өтетін жарыстың тамашаламақ. Бүл күндері төл күресіміз – қазақ күресі халықаралық аренада қарқынды дамып келеді. Дүниежүзілік Этноспорт конфедерациясы қазақ күресінің халықаралық олимпиадалық қозғалысқа қосылып, оның ілгерілеп дамуына үлкен қызығушылық танытып отыр.