14 қазан 2024
/ Новости Казахстана
Репродуктолог: Белсіздік диагнозы қойылған еркек ЭКҰ-мен әке атана алады
Бүгінде бедеулік пен белсіздік — үкім емес. «Аңсаған сәби» экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасы аясында елімізде ұрпақсыздық мәселесі шешімін тауып жатыр. «Құтыдан шыққан» бала қалыпты жағдайға айналған. Десек те, әлі де ЭКҰ жайында көпшіліктің түсінігі аз. Солтүстік Қазақстан облысының бас репродуктологы Виктор Проценко бірқатар сұраққа жауап берді.