6 қыркүйек 2024
/ Евразия
Өзбекстан жалған емшілермен күресті күшейтпек
Енді Өзбекстанда лицензиясыз және медициналық білімі жоқ емшілерге әкімшілік жаза қолданыла бастайды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар. ӨР Олий Мажлиси Сенатының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, сенаторлар комитет отырысында «Өзбекстанның кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын талқылап, кейбір ұсыныстарды бекітті.