Өзбекстан жалған емшілермен күресті күшейтпек
Фото: senat.uz
senat.uz
Еуразия6 қыркүйек 2024, 14:00

Өзбекстан жалған емшілермен күресті күшейтпек

Енді Өзбекстанда лицензиясыз және медициналық білімі жоқ емшілерге әкімшілік жаза қолданыла бастайды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар. ӨР Олий Мажлиси Сенатының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, сенаторлар комитет отырысында «Өзбекстанның кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын талқылап, кейбір ұсыныстарды бекітті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Атап айтқанда, енді медициналық білімі мен лицензиясы жоқ емшілер азаматтарды диагностикадан өткізсе немесе емдесе, онда олар әкімшілік жауапқа тартылады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Сонымен қатар, пайда табу мақсатында ғылыми дәлелденбеген, тексерілмеген халықтық медицинаның әдіс-тәсілдерін насихаттағаны үшін де әкімшілік жаза қолданылмақ.

Өзбекстан жалған емшілер Күрес

Тақырыпқа жаңалықтар