Тозығы жеткен үйлер: Алматыда жаңарту бағдарламасы қабылданбақ
Алматыда ескі үйлерді жаңарту бағдарламасын осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін қабылдау жоспарда. Медеу ауданының тұрғыны Мария Тұрсынбаева қала басшысынан Төле би мен Абдуллин көшелерінің қиылысында орналасқан 1937 жылы салынған 6 пәтерлі үйдің қашан бұзылатынын сұрады. «Бұл проблема Медеу ауданына ғана емес, Түрксіб, Жетісу аудандарына да қатысты. Мәселе мынада болды, бұл заңмен бекітілмеген. Шілде айында Мемлекет басшысы заңға енгізілген өзгерістерді қолдап, қол қойды және біз қазір жұмыс істей алатын жаңарту ұғымы пайда болды. Қазір Алматы қаласын жаңғыртудың тиісті бағдарламасы орта мерзімді перспективада дайындалып жатыр. Біз талқылауларды аяқтап, қыркүйек айының соңына дейін қабылдауға тырысамыз, соның аясында жұмыс істейтін боламыз», - деп жауап берді Ерболат Досаев.