Тозығы жеткен үйлер: Алматыда жаңарту бағдарламасы қабылданбақ
Алматыда ескі үйлерді жаңарту бағдарламасын осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін қабылдау жоспарда. Медеу ауданының тұрғыны Мария Тұрсынбаева қала басшысынан Төле би мен Абдуллин көшелерінің қиылысында орналасқан 1937 жылы салынған 6 пәтерлі үйдің қашан бұзылатынын сұрады. «Бұл проблема Медеу ауданына ғана емес, Түрксіб, Жетісу аудандарына да қатысты. Мәселе мынада болды, бұл заңмен бекітілмеген. Шілде айында Мемлекет басшысы заңға енгізілген өзгерістерді қолдап, қол қойды және біз қазір жұмыс істей алатын жаңарту ұғымы пайда болды. Қазір Алматы қаласын жаңғыртудың тиісті бағдарламасы орта мерзімді перспективада дайындалып жатыр. Біз талқылауларды аяқтап, қыркүйек айының соңына дейін қабылдауға тырысамыз, соның аясында жұмыс істейтін боламыз», - деп жауап берді Ерболат Досаев, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Мегаполис әкімі тозығы жеткен тұрғын үйлер мен бұзылатын үйлер үш санатқа бөлінетінін айтты: инвестициялық тартымды, инвесторлар өз қаражаттарын салуға дайын; инвестициялық тартымсыз, қала әкімдігі айналысатын болады; үшіншісі, үйлер инфрақұрылымды дамыту үшін сатып алынғанда.
«Қоныс аудару қоры құрылды, алайда тозығы жеткен үйлерден тұрғындардың өздері 100 пайыз келісім берген жағдайда ғана көшіріледі», - деп атап өтті қала басшысы.
Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин бұл үйдің тұрғындарымен кездесу өткізілгенін жеткізді.
«Үйдің жартысы қызыл сызықта, яғни инвесторлар үшін қызығушылық жоқ. Күрделі құрылыс кәсіпорны тұрғын үй қорынан пәтер ұсынды, алайда көршілер бас тартты», - деді аудан әкімі.
Уақытша шара ретінде аудан тұрғыны үйді жөндеуді сұрады. Қала басшысы аудан әкіміне «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша үйді жөндеуден өткізу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.