23 маусым 2024
/ Новости Казахстана
Қазақстанда жарты млн адам мүгедектікке жәрдемақы алады
Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 255,5 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға шамамен 33,5 млрд теңге әлеуметтік төлем жасалды.