Новости: жеке кәсіпкер

жеке кәсіпкер - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【жеке кәсіпкер】 жаңалықтар Arbat media
Такси жүргізушісі, курьер, риелтор: жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тиімді ме
1 қазан 2024 / Новости Казахстана

Такси жүргізушісі, курьер, риелтор: жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тиімді ме

Мемлекеттік кірістер комитеті интернет платформалар арқылы қызмет ұсынатын жандардың салық төлеу ережелерін түсіндірді. Толығырақ аталған комитеттің арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шымберген айтып берді. «Елімізде бірқатар азамат қызметін интернет платформалардың көмегімен жүзеге асырады. Ол дегеніміз такси жүргізушілері, курьер, пәтерді жалға берумен айналысу тағы сол сияқты қызмет түрлері. Аталған қызметтерді ұсынушылардың салық төлеу және оларды әлеуметтік тұрғыдан қамту, қорғау тұрғысынан мәселелер туындап отыр. Осы орайда өткен жылы Әлеуметтік кодексте аталған мәселелер бойынша анықтама беріліп, нақтыланды. Біздің комитет бұл жобаны такси платформасымен келісім жасап, пилоттық жоба түрінде іске қосты. Бүгінде 23 мың жеке кәсіпкерден (такси жүргізушілері) 700 млн теңгеге жуық теңге салық түсті. Пилоттық жоба аясында жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде және салық мөлшерлемесі (1%) бойынша жеңілдік қарастырылған. Одан бөлек такси жүргізушілері таксопаркке төлейтін қосымша комиссиядан босатылуы мүмкін», - деді Ерқанат Шымберген.