Такси жүргізушісі, курьер, риелтор: жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тиімді ме
Фото: freepik
freepik
Қазақстан жаңалықтары1 қазан 2024, 12:34

Такси жүргізушісі, курьер, риелтор: жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тиімді ме

Мемлекеттік кірістер комитеті интернет платформалар арқылы қызмет ұсынатын жандардың салық төлеу ережелерін түсіндірді. Толығырақ аталған комитеттің арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шымберген айтып берді. «Елімізде бірқатар азамат қызметін интернет платформалардың көмегімен жүзеге асырады. Ол дегеніміз такси жүргізушілері, курьер, пәтерді жалға берумен айналысу тағы сол сияқты қызмет түрлері. Аталған қызметтерді ұсынушылардың салық төлеу және оларды әлеуметтік тұрғыдан қамту, қорғау тұрғысынан мәселелер туындап отыр. Осы орайда өткен жылы Әлеуметтік кодексте аталған мәселелер бойынша анықтама беріліп, нақтыланды. Біздің комитет бұл жобаны такси платформасымен келісім жасап, пилоттық жоба түрінде іске қосты. Бүгінде 23 мың жеке кәсіпкерден (такси жүргізушілері) 700 млн теңгеге жуық теңге салық түсті. Пилоттық жоба аясында жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде және салық мөлшерлемесі (1%) бойынша жеңілдік қарастырылған. Одан бөлек такси жүргізушілері таксопаркке төлейтін қосымша комиссиядан босатылуы мүмкін», - деді Ерқанат Шымберген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оның сөзінше, жаңа жоба арқылы салық төлеу процесін толықтай автоматтандыру көзделіп отыр, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Пилоттық жобаны жүзеге асыру нәтижелері бойынша Салық кодексіне өзгерістер енгізіліп, биыл 1 қыркүйектен бастап заңды күшіне енді. Алдымен салық мөлшерлемесін 1% ету, яғни табысының әлеуметтік төлемдерге 1% салық, МӘМС-ке 1%, зейнетақы жинағына 1% және 1% әлеуметтік жарна салығын төлейді. Интернет платформалар иелеріне талап қойылады, яғни такси жүргізушілері немесе курьерлер үшін салық агенті міндетін атқарады. Интернет платформалар арқылы қызмет ұсынатындар жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе, табысының 1% салық төлейді, ал тіркелмеген жағдайда 10% төлеуге мәжбүр», - дейді спикер.

такси жүргізушісі Риелтор жеке кәсіпкер

Тақырыпқа жаңалықтар