Новости: жекешелендіру

жекешелендіру - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【жекешелендіру】 жаңалықтар Arbat media
Жекешелендіруге арналған сайт іске қосылады
27 маусым 2024 / Новости Казахстана

Жекешелендіруге арналған сайт іске қосылады

Елімізде жекеге берілетін объектілердің тізімі жасақталып, көпшілікке жария етіледі. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров мәлім етті. Астанада Жекешелендіру ұлттық кеңсесінің алғашқы отырысы өтті. Оған Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты. Агенттік басшысының айтуынша, жекешелендірілген объектілерге міндетті түрде ревизия жүргізіледі. 

Экс-министр Мұхамедиұлы спорт мектебін заңсыз жекешелендірді деген күдікке ілінген
11 қаңтар 2024 / Новости Казахстана

Экс-министр Мұхамедиұлы спорт мектебін заңсыз жекешелендірді деген күдікке ілінген

Қазақстанның бұрынғы мәдениет және спорт министрі болған, Ұлттық музейді басқарған Арыстанбек Мұхамедиұлы спорт мектебін заңсыз жекешелендіріп алды және бюджет ақшасын жымқырды деген күдікпен де тергеліп жатыр. Бұл туралы 10 қаңтарда жемқорлыққа қарсы қызметтың ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты.