СпортБүгін, 12:26

Тағы үш футбол клубы жыл соңына дейін бай-бағландардың қолына өтеді

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория үкімет отырысында елдегі футбол клубтарын жекешелендіру жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазан айының соңында «Қайсар» ФК ресми түрде жекеменшікке берілді. Жаңа иесі — TAU Group LTD компаниясының басшысы Иманғали Қозбақов.

«Қызылорда әкімдігі футбол академиясының құрылысына жер телімін бөлді. Инвестиция көлемі 12 миллиард теңгені құрайды», - деді Давид Лория.

15 қарашаға дейін «Қызылжар» мен «Жеңіс» клубтарын да инвесторларға беру жоспарланып отыр.

«Жеңіс» үшін елорда әкімдігі заманауи футбол академиясының құрылысына жер телімін бөлді. Клубты инвесторға беруге байланысты заңды процедуралар 15 қарашаға дейін аяқталуы керек. Академияға салынған инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 16 млрд теңгені құрайды», - деп толықтырды ҚФФ бас хатшысы.

Қарағандылық «Шахтер» клубының жекешеленуі қараша айының соңына дейін аяқталуы тиіс.

футбол Қазақстан Хатшы жекешелендіру

Тақырыпқа жаңалықтар