20 сәуір 2024
/ Sport
Дзюдо: Ғалия Тынбаева Азия чемпионатында тұңғыш рет жүлдегер атанды
Қытайдың Гонконг қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық татами шебері Ғалия Тынбаева қола медаль жеңіп алды.Бұл оның Азия чемпионатында жеңіп алған алғашқы жүлдесі. 48 келі салмақта қола медаль үшін белдесуде қос қазақстандық балуанның жолы түйісті. Ғалия Тынбаева мен Әбиба Әбужақынова қола жүлдені өзара сарапқа салды. Нәтижесінде Тынбаева сәл басымдылықпен жеңіске жетті.