Эльмира Сыздықова Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін әйелдер құрамасының үздігі Эльмира Сыздықова қола жүлдені қанағат тұтты. 76 келі салмақта сынға түсіп жүрген отандасымыз Сыздықова осымен төртінші мәрте Азия чемпионатының қола жүлдегері атанып отыр. Ол 2014, 2021 және 2023 жылы да Сарықұрлық біріншілігінде тура осылай үздік үшінші орыннан көрінген еді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Сыздықова қола медаль үшін күресте үндістандық Прияны жеңді. Ол аталған доданың жартылай финалында қырғызстандық Айпері Медетқызынан ұтылып қалды.
Бүгін сондай-ақ тағы бір балуан қызымыз Зулфия Яхьярова үшінші орын үшін күресте қарсыласына жол берді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: