29 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
Еңбек күні: Қазақстанда жұмысшылар мәртебесі қалай көтеріледі
Жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде елімізде Еңбек күні аталып өтеді. Бұл күн 2013 жылы Президент Жарлығымен жұмысшы мамандықтарын құрметтеу дәстүрлерін жаңғырту және еңбектің маңызын түсіну мақсатында белгіленген еді. Ал биыл Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауды және олардың мәртебесін көтеруді ұсынды. Kazinform агенттігі атаулы жылдың қалай өтетінін және жұмысшылар мәртебесі қалай артатынын баяндайды.