Қазақстан жаңалықтары29 сәуір 2024, 21:36

Алдағы үш күнде ауа райы күрт суытып, жаңбырдың соңы қарға ұласады

Қазгидромет 30 сәуір — 2 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын жауады. 1-2 мамырда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жауын-шашын болады. Түнгі уақытта жаңбырдың арты қарға ұласуы ықтимал, найзағай, еліміздің оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.

Республика бойынша екпінді жел күшейеді, түнде солтүстік, шығыс өңірлерде тұман болады деп болжанып отыр, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Скандинавия аймақтарынан енген салқын антициклон ықпалымен солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, 1-6 градус үсікке дейін, күндіз 5-13 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

Сондай-ақ, суық фронт біртіндеп еліміздің оңтүстік аймақтарына қарай жылжиды, онда ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, 2 градус үсікке дейін, күндіз 15-25 градус жылуға дейін төмендейді.

Қазгидромет Ауа райы 30 сәуір — 2 мамыр

Тақырыпқа жаңалықтар