Placeholder
ФОТО: КТК
КТК
Қазақстан жаңалықтары7 қыркүйек 2024, 12:00

Көшпенділер ойындары: Америкалық кәсіби ковбойлар көкпар мен аударыспаққа қатысады

Астана V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушылардың алғашқы легін қарсы алды. Бүгін таңертен Астанадағы халықаралық әуежайға америкалық кәсіби ковбойлар ұшып келді. АҚШ құрамасы дүбірлі додада қазақтың ұлттық ойындары — көкпар мен аударыспақтан сайысқа түседі. Бұл команда осыдан жеті жыл бұрын жасақталып, оның сапына Американың әр штатынан іріктелген сегіз спортшы кірген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Олар осы уақытқа дейін көшпенділер ойындарында екі рет бақ сынаған, деп жазады КТК телеарнасы.

Биыл наурызда Астанада ұлттық құрамамен жолдастық кездесу өткізіп те үлгерді. Яғни байрақты бәсекелерде тәжірибесі толысқан десек арттық емес. Мұхиттың ар жағынан арғымақтарды алып келу қиын болғандықтан, тұлпарларды Қазақстан тарапы ұсынады.

Лэдд Хауэлл, АҚШ ұлттық құрамасының капитаны:

— Кезекті рет Астанаға келгенімізге қуаныштымыз. Жалпы жол ұзақтығы шамамен екі күнге созылды. Алғаш рет көкпар ойынымен алты жыл бұрын танысып айналыса бастадық. Содан бері жаттығуды еш тоқтатпадық. Жергілікті аттармен жарысқа түсетініміз өте қолайлы боп түр, десе де олардың қайсысы қорғаныста, қайсысы шабуылда ойнайтынын түсіну үшін бір-екі күн бойы белсенді жаттығу өткізу керек. 

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астана АҚШ ковбойлар

Тақырыпқа жаңалықтар