Placeholder
Коллаж: Kazinform
Kollaj: QazAqparat
Әлем6 қыркүйек 2024, 22:48

Путин АҚШ сайлауында Камала Харристі қолдайтынын айтты

Осы аптада Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тағы президент сайлауына қатысты пікір білдіріп, Камала Харристің кандидатурасын қолдайтынын айтты. Владивостоктағы Шығыс экономикалық форумына қатысқан Ресей басшысы АҚШ-тағы президент сайлауына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

— Біріншіден, Байден барлық жақтастарына Харрис ханымды қолдауды ұсынды. Бұған дейін біз үшін Байден таңдаулы кандидат екенін айтқан болатынбыз. Енді біз оның айтқанын орындаймыз, оны қолдаймыз. Екіншіден, ол риясыз күле алады. Бұл оның жақсы адам екенін білдіреді. Трамп басқа президенттерге қарағанда Ресейге қарсы көбірек санкция салды, егер Харрис жақсы адам болса, онда ол мұндай әрекеттерден бас тартуы мүмкін, -деді В.Путин, деп жазады New York Post.

Харрис-Уолцтың штабы Путин «қолдауынан» бас тартты.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та тұрақтылық үшін Мәскеу Трампқа қарағанда Харристі жақтайтынын білдірді.

78 жастағы Дональд Трамп сайлау науқаны кезінде 59 жастағы Камала Харристі қатты күлгені үшін бірнеше рет келеке еткен.

Либералды сыншылардың өзін Ресейге тым жақын деп айыптағанына қарамастан, Дональд Трамп Украинадағы қақтығысқа дейін де Ресейге АҚШ-тың ең қатаң санкцияларын салды.

Трамп сайлауда жеңіске жетсе, Ресей мен Украина арасындағы бітімгершілік келісімге қол жеткізуге күш салатынын ашық айтты, сондай-ақ Американың Киевке көмек көрсетуіне күмәнмен қарайтынын білдірді.

Сәрсенбі күні АҚШ Әділет министрлігі Ресейдің АҚШ-тың ішкі саясатына ықпал ету үшін кең ауқымды науқан жүргізіп жатқанын, оның ішінде 10 миллион долларлық үгіт-насихат схемасы бар екенін мәлімдеді.

Камала Харрис Путин АҚШ сайлау қолдау

Тақырыпқа жаңалықтар