Қазақстан жаңалықтары1 маусым 2024, 10:00

Алматыда 49 сотты болған бала мерекені колонияда атап өтті

Алматыда 49 кәмелетке толмаған бала мерекені колонияда атап өтті. Кәмелет жасына толмай сотталғандар отыратын республика бойынша жалғыз колония Алматы қаласында орналасқан. Бұл Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесі, қазіргі уақытта онда 49 кәмелетке толмаған ұл бала өз жазасын өтеп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды.

Одан басқа 4 кәмелетке толмаған қыз бала Алматы облысы Жауғашты кентіндегі №10 мекеме аумағындағы тәрбие колониясында жазасын өтейді.

– Жазасын өтеп жатқан кәмелетке толмағандардың ішінен 34 жасөспірім аса ауыр қылмыс жасаған. Ең жас жаза өтеуші 15 жаста. Осыған қарамастан, олар бала болып қалады сондай-ақ 1 маусымда өзге балалары сияқты күтеді, – деп атап өтті ҚАЖД бастығы Қайрат Дәлбеков.

Дәстүр бойынша жыл сайын колонияда балалар мерекесін туған-туыстарымен салтанатты іс-шара ұйымдастырып атап өтеді. 1 маусымда жасөспірімдердің туған-туыстары мен жақындары үшін ашық есік күні өткізіледі. Сонымен қатар эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылады. Бұл күні сотталғандардың ас мәзірі тәттілерге толы болады.

Колония қызметкерлерінің айтуынша, балалардың барлығы ата-аналық сүйіспеншілік пен көңіл бөлінуге мұқтаж, олардың көпшілігі толық емес және қолайсыз отбасыларда өскен. Колонияда жасөспірімдер үшін барлық өмір сүру жағдайлары жасалып, сондай-ақ мереке және демалыс күндерін қызықты ұйымдастыруына көп көңіл бөлінеді.

Жасөспірімдермен мекеме ішінде арнайы психолог, теологтар мамандар жұмыс істейді. ҚАЖ қызметкерлері барынша балалардың бос уақытын мәнді қылып өткізуге тырысады. Үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар жазасын өтеп жатқандарға гуманитарлық көмек көрсетеді.

– Олар қандай жағдай болса да бала болып қалады. Біз олардың әрқайсысы өз қателігін түсініп, темір торға қайта оралмауы үшін бар күшімізді саламыз, – деп қосты ҚАЖД бастығы.

Алматы Колония балалар мерекесі

Тақырыпқа жаңалықтар