«Полиция қызметкерлерінің зейнетақысы көтеріле ме?»: ІІМ жауап берді

Қазақстан Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлерінің зейнетақысын индекстеу мәселесіне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ІІМ вице-министрі Игорь Лепёха айтты, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Оның сөзінше, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізу мәселесі қаралған. Оның ішінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің зейнетақысына қатысты нормаларды өзгерту мүмкіндігі де талқыланған.

«Біз өз ұстанымымызды білдірдік. Қазіргі таңда ішкі істер органдары қызметкерлерінің зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі барлық қызметкерді қанағаттандырады. Сондықтан олардың жағдайын нашарлатуға болмайды», - деді Лепёха.

Вице-министрдің айтуынша, бұл мәселе кейін күн тәртібінен алынып, әрі қарай талқыланбаған.

Ішкі істер минстрлігі Зейнетақы Мәселе түсініктеме

Тақырыпқа жаңалықтар