Қазақстан жаңалықтары5 қараша 2023, 16:43

Алматыда халықаралық гастрофестиваль өтіп жатыр

Алматыда халықаралық гастрофестиваль өтіп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Қазинформ таратты. 

Іс-шара әлемнің түрлі асханасын бағалаушы нағыз талғампаз гурмандардың басын қосты. Мұнда Алматы тұрғындары мен қала қонақтары ғана емес, Катар, БАӘ және Ұлыбританиядан келген фудблогерлер, Үндістан мен Қытайдан келген туристер де бар.

Фестивальді Алматы қаласының Туризм басқармасы және қонақтар үшін мерекелік атмосфера жасаған арнайы мамандар ұйымдастырды. 

Фестивальде мексикалық, ливандық, америкалық, азиялық тағамдардан және қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татуға болады. Ал балалар үшін аниматорлар өнер көрсететін арнайы аймақ ұйымдастырылды. 

Мұнда әлемдік деңгейдегі аспаздардың аспаздық шоулары мен шеберлік дәрістері, бармендер мен баристалар сайысы, фермерлік өнімдер көрсетіліп, қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді. Әр күні кеш соңында қонақтарға қазақстандық эстрада артистері өнер көрсетеді. 

Almaty Food Fest 2023 Абай атындағы алаңда екі күн бойы - 4 және 5 қараша аралығында өтеді.

Алматы гастрофестиваль

Тақырыпқа жаңалықтар